Бас прокуратура пәтер алаяқтарының ең көп тараған әдістері туралы айтты
17 Мая 2016
1669
Баспрокуратура,
пәтералаяқтар,
әдістер
2015 жылы республика бойынша пәтерлерді және үйлерді сатумен байланысты алаяқтықтың 700-ден астам фактісі тіркелген. Ағымдағы жылдың 3 айы ішінде осындай сипаттағы фактілер бойынша 519 сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы басталды.
«Алаяқтардың тапқырлығы мен «клиенттердің» сенімділігіне сәйкес тұрғын үйлерге қатысты алаяқтық әдістері сан түрлі. Мұндай әдістердің кең тарағаны – пәтерді нарықтық бағадан төмен бағаға сату», - деді С. Бұдықов.
Мысалы Шығыс Қазақстан облысында Б. есімді азаматша бұқаралық ақпарат құралдарында және инернет сайттарында банкілерде кепілде тұрған пәтерлерді сатып алу және оларды нарықтық бағадан төмен бағаларға сату туралы хабарландырулар берген.
Өз қызметінің заңды болып көрінуі үшін және азаматтарды жаңылдыру мақсатында олармен нысаналы мақсаты «пәтерді сатып алу» деп көрсетілген нотариалды куәландырылған қарыз шарттарын жасасқан. Сонымен қоса шарт бойынша азаматтарда ұсынылып отырған пәтерлерді өз бетімен көруге және мемлекеттік органдардан пәтерлердің тіркелуі мен кімге тиесілі екені жөнінде ақпарат сұратып алуға құқығы болмаған.
Нәтижесінде Б. есімді азаматша тоқсан екі жәбірленушіге жалпы сомасы 371 млн. теңге көлемінде материалдық залал келтірді.Бұл заңсыз әрекеттері үшін Өскемен қаласы сотының үкімі бойынша Б. есімді азаматша мүлкін тәркілеу және 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесіліп, оған жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу тағайындалды.
Басқа жағдайларда алаяқтар мемлекеттік бағдарламалар бойынша үй алуға көмек береміз деген уәдемен жәбірленушілерден алдау жолымен ірі сомалар алып отырған.
Орал қалалық сотының үкімі бойынша мүлкін тәркілеу және әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасымен 5 әйел адам сотталды.
Бұл әйелдер тобы өздерін жылжымайтын мүлікті сату жөніндегі менеджерлер ретінде таныстырып, мемлекеттік бағдарлама бойынша арзан пәтерлерді сатып алуға жәрдемдесуге уәде берген. Ақшаны беру қарыз шартымен рәсімделеді. Нәтижесінде ақша да жоқ, пәтер де жоқ.
Бұл әдісті алаяқтар бір жыл бойы қолданып келген, олар елуден астам азаматты алдап, әрқайсысына 30 бен 50 мың АҚШ доллары көлемінде залал келтірген. 2015 жылы алаяқтардың құрығына түскен азаматтар құқық қорғау органдарына шағымдана бастаған уақытта олардың қылмыстық әрекеттері тоқтатылды. Қазіргі уақытта кінәлілер сотталды, алайда залал толығымен өтелген жоқ.
Бұл алаяқтықтың бірнеше түрі ғана, ал қазіргі заманда олардың түрлері өте көп.
«Сондықтан, жылжымайтын мүлікке қатысты мәміле жоспарлау барысында, әр адам өзін алаяқтардан қорғау туралы ойлануы керек.
Ол үшін жылжымайтын мүлік объектісінің бағасына назар аударған жөн, өйткені пәтерлер тым арзанға сатылмайды», - деді ол.
Сонымен қатар, құжаттарға назар аудару қажет. Барлық құжаттар рет-ретімен толық болуы керек және сізге мәміле алдында берілуі міндетті. Сонымен қатар барлық жағдайда құжаттардың түпнұсқасын талап етіңіздер.
Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.
ru Открыто прямое авиасообщение между Астаной и Белградом
ru Кражу на футбольном поле раскрыли в Астане
ru Более 4,3 тыс. объектов адаптировано для лиц с инвалидностью в
ru В Кызылорде построят новый агрокластер и тепличный комплекс
ru 98 фактов незаконного вмешательство в бизнес зафиксировала прокуратура за 9
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Президенту Алжира
ru Юбилейный сезон стартует в театре драмы им. М. Ауэзова
ru В Казахстане установят 4 миллиона смарт-электросчётчиков
ru В Алматинской области реализуют крупный агропромышленный проект
ru Дархан Сатыбалды: важно не допустить роста цен на социально значимые
ru Глава государства принял Генерального секретаря ОДКБ Имангали Тасмагамбетова
ru Президент провел встречу с Раисом Республики Татарстан Рустамом Миннихановым
ru «Костанайский осетр» готов увеличить производственную мощность в 2 раза
ru В Алматы стартует Международная олимпиада по искусственному интеллекту
ru 130 тысяч казахстанских детей сели за парты в обновленных школах
ru 31 октября во всех крупных городах Казахстана стартует общереспубликанская акция
ru В Экибастузе открылся новый театр «Ертіс-Баян»
ru Токаев прибыл с рабочей поездкой в Кызылординскую область
ru Помочь с ЕНТ "обещала" павлодарка за 1 млн тенге
ru Реконструкция взлетно-посадочной полосы аэропорта Павлодара будет завершена в июле 2026
ru Состоялся телефонный разговор Касым-Жомарта Токаева с Александром Лукашенко
ru В Шымкенте завершился Казахстанско-Афганский бизнес-форум с итогом в 303 миллиона
ru Токаев встретился со Специальным представителем Президента США по Южной и
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Президенту Турции
ru Акмолинские аграрии преодолели исторический рубеж — 7,6 миллиона тонн зерна
ru Почти 9 тыс. казахстанцев получили гранты для реализации новых бизнес-идей
ru Развивать угольную генерацию на базе технологий чистого угля намерены в
ru В 2029 году планируется обеспечить профицит в энергосистеме Казахстана
ru КНБ предотвратил теракт в Алматы
ru Токаев поздравил президента Чешской Республики с Днем независимости

+77772555856
Написать нам




